АҚШ Ауғанстанды он күнде жер бетінен жойып жібереді.
Америка президенті Дональд Трамп Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен кездесуінде Ауғанстанға байлансты мәлімдеме жасады. Онда ол егер АҚШ қаласа Ауғанстанды жер бетінен он күннің ішінде жойып жіберуге қауқарлы екендігін айтты.
«Егер біз Ауғанстанда соғыс ашып, жеңгіміз келсе, мен бір аптаның ішінде жеңер едім. Бірақ мен 10 миллион адамның өлімін қаламаймын» - деп мәлімдеді Ақ үй басшысы.
Қазіргі таңда Ауғанстан аумағында 14 мыңға жуық АҚШ сарбазы бар. Олар ауған армиясына дайындық жұмыстарын өткізумен қатар контртеррорлық операцияларға қатысады. Былтыр БАҚ беттерінде АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерін шығаратындығы жөнінде ақпараттар тараған. Кейіннен Ақ үй аталмыш мәселеге байланысты әлі ешқандай бұйырық берілмегендігін мәлімдеген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды