Түркияны С-400 дауына байланысты НАТО-дан шығара ма?
НАТО Бас хатшысы Йенс Столенберг Түркияның Ресейден С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына байланысты мәлімдеме жасады. Онда ол Анкара арсеналындағы С-400 жүйесін НАТО аумағында пайдалану мүмкін еместігін айта келе Түркияны НАТО құрамынан шығару жөнінде сөз қозғады.
«Түркия НАТО-ның маңызды мүшелерінің бірі. Бірде-бір ел осы уақытқа дейін Анкараны одақан шығару жөнінде сөз айтқан жоқ. Себебі біз бір-бірімізге тәуелді екенімізді жақсы түсінеміз. Түркияның НАТО құрамында болуы F-35 немесе С-400 мәселесімен өлшенбейді» - деп мәлімдеді Столенберг.
Естеріңізге салайық, Түркия 2017 жылы Ресеймен жалпы құны 2,5 миллиард долларды құрайтын сауда келісіміне қол қойған. Келісім бойынша, Мәскеу Анкараға С-400 әуе қорғаныс жүйесін жеткізуі тиіс болған. Кейіннен АҚШ Түркияның бұл шешіміне қарсы шыққан. Ресми Уашингтон Анкараны С-400-ден бас тартып, АҚШ-тың «Potriot» жүйесін сатып алуға ұсыныс жасаған. Өйтпеген жағдайда Түркияны F-35 ұшақ жобасынан шеттететінін мәлімдеген. Ақ үйдің бұл мәлімдемесіне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «С-400 келісімі Түркия тарихындағы маңызды шешімдердің бірі» деп жауап қатқан.
Ресей С-400-дің алғашқы легін Түркия аумағына шілде айының 12-і күні жеткізген.