Қазақстанда жалпы халық саны 236,4 мың адамға (1,3%) өскен. Ал елден кеткендер саны 19,8%-ға артып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Халық саны былтырғымен салыстырғанда 2019 жылғы 1 маусымда 18 млн 489,7 мың адамға жетті. Биыл қаңтар және мамыр аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 1459 сәби шетінеген (былтырғы көрсеткіш 1366). Ал нәресте кезінде шетінеу коэффициенті әр 1000 нәрестеге 9,04-тен тура келген. Жүктілік кезіндегі ауру-сырқау салдарынан биылғы бес айда 772 нәресте көз жұмған.
Дәл осы айда Қазақстанға келушілердің саны 10,8%-ға қысқарып, кеткендер саны 19,8%-ға өскен. Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 19% өскен. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Маңғыстау облысында (515 адам) және Шымкент (4 144), Нұр-Сұлтан (10 936) және Алматы (11 540) қалаларында байқалып отыр. Есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 767,6 мың адамға жеткен. Қалалықтардың жалпы пайызы 58,2%. Ауылдарда жалпы 7 млн 722,1 мың адам. Бұл – республика халқының 41,8%-ы.