Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылының тұрғындары шешім таппаған ауыз су мәселесіне байланысты наразылық білдіріп, Алматы-Талғар жолын жауап тастады.
Бесағаш тұрғындарының айтуынша, ауылдың жартысы қалалық ауыз су желісіне жалғанған, қалған жартысын Талғар ауданы сумен қамтуға тиіс. Бесағаш ауылын сумен қамдайтын су қоймасы «Тас-құм Ақсай» ЖШС-ның меншігіне өтіп кеткен. Олар жаз бойы шамамен 25 мыңнан астам тұрғыны бар ауылға суды толық бермейді.
Бесағаш тұрғындары ауыз су мәселесі бойынша бұдан бұрын да, яғни 1 шілде күні де наразылық шарасына шыққан. Сол ретте де Алматыға кіретін негізгі жолдардың бірін жауып, әкімшілік тарабынан ауыз су мәселесін шешіп беруді талап еткен болатын. Талғар ауданының әкімі бірден келіп халықпен кездескен және 4 күн ішінде барлық мәселенің шешуге уәде берген. Одан кейін де ауылда ауыз су бір күн бар да, бір күн жоқ күйде тұрған. Соңғы бірнеше күнде тіпті су мүлде келмеген. Ал, кеше ауылға арнайы көліктермен су жеткізген.
«Өзіңіз ойлап қараңыз, ХХІ ғасырда, Алматының іргесіндегі ауылда көлікпен су жеткізіп жүргенін», – дейді ауыл тұрғындарының бірі, – «Облыс әкімінің орынбасары келгенде де «Тас-құм Аксай» компаниясынан бұл мәселені шешіп бермесе, су қоймасын үкіметтің қарамағына алатынын ескертіп кеткен. Одан бері де уақыт өтті. Мәселе шешілген жоқ, неге үкімет өз иелігіне алмайды», – дейді ол.
Қазір де, Бесағаш тұрғындары Алматы мен Талғар арасындағы жолды жауып, Талғар ауданының әкімін халықпен кездесуге шақыруда. Егер Талғар әкімі келмесе жолды толық жабамыз дейді бесағаштықтар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді