Ертең, 8 наурыз күні, Түркияның Стамбул қаласында халықаралық атом индустриясы конференциясы өтеді. Екі күнге жалғасатын саммитке әлемдегі атом индустриясын дамытып отырған елдер атынан ірі компаниялар келіп қатысады. Бұл туралы Анатолы агенттігі хабарлап отыр.
Бұл саммитті Атом инженерлер қоғамы жағынан ұйымдастырылып, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей және Қытай қатарлы елдерден, атом индустриясында технологияларды жетілдіруші ірі компаниялар шақырылған. Конференция мақсаты Түркия және Таяу-Шығыстағы атом станцияларын дамыту ісі талқыланады. Әлемдегі атом энергиясын пайдалану саласындағы жаңалықтар таныстырылады. Ал, Түркиядағы атом станция құрлысын дамыту үшін қатысушылар арасынан бір компания талданады. Түрік үкіметімен келісім шарт жасасып, сол елдегі атом индустриясын дамытуды қолға алады. Бұл Түрік компанияларының дамуына да зор мүмкіндік береді деп отыр ұйымдастырушы тарап.