Бірнеше күн бұрын орын алған дипломатиялық жанжалдан кейін АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі Ким Дэррок отставкаға кетті.
Жақында Дэрроктың Британия Сыртқы істер министрлігіне жазған хаты шетелдік басылымдарда жарияланып кеткен. Хатта ол Уашингтонның көп жағдайда «біліксіз, дәрменсіз» екендігін және Трамп мансабының сәтсіз аяқталатынын айтқан. Бұл жағдай АҚШ президентінің ашуын тудырып, Дональд Трамп ағылшын елшісімен бұдан әрі жұмыс істемейтінін ашық айтты. Трамп «АҚШ-тың Дэррок көмегіне мұқтаж емес» деп, өзінің Twitter парақшасында Дэррокты «ақымақ және біліксіз адам» деп жазды. Осыдан кейін Ким Дэррок қызметтен кетуге шешім қабылдаған.
Бұған қатысты Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй: «Бүгін таңертең Ким Дэррокпен сөйлестім. Оның елшілік қызметтен кеткені өкінішті. Ол министрлер кабинетінің қолдауына ие екенін атап өттім. Ким Біріккен Корольдікке қызмет көрсету үшін өз ғұмырын арнаған. Осы үшін біз оның қызметіне шексіз ризашылығымызды білдіреміз», – деп хабарлады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді