Украина президенті Владимир Зеленский Чернобыльді туристік аймақ деп тану туралы қаулыға қол қойды.
Украинформ сайтының мәліметінше, енді аталған аймаққа туристер еркін қатынайтын болады. Чернобыль атом электр станциясының үстіне салынған жаңа саркофагты ашу рәсімінде сөз өйлеген Зеленский: «Бұл қаулым оқшау жатқан аймақты Украина дамуының бастауы болатындай етіп түрлендіреді. Жемқорлыққа итермелейтін, ақылға қонбайтын тыйымдар алынып тасталады. Енді Чернобыль инвестиция мен болашағы зор Украина азаттығының символына айналады», – деді.
Биыл мамырда америкалық HBО телеарнасы атом станциясындағы апат туралы баяндайтын «Чернобыль» сериалын көпшілік назарына ұсынған. Аталған сериал IMDb сайты қолданушыларының бағасымен сериал тарихтағы ең мықты 250 сериал тізімінде бірінші орынға шықты. Фильмнен соң Украинадағы апат орнын көруге келген туристер саны күрт өскен. Украина президенті Зеленскийдің жаңа қаулы қабылдауына туристердің артуы да себеп болған.
1986 жылы 26 сәуірге қараған түні Чернобыль атом электр станциясының төртінші энергетикалық блогында жарылыс болып, Еуропаның 200 мың шаршы шақырым жері, әсіресе Украина, Ресей және Беларусь аумағы радиоактивті заттармен ластанды. Чернобыль АЭС-тағы жарылыс – келтірген залалы мен салдары жағынан XX ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1995 жылғы есебі бойынша, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан 9 миллион адам зардап шеккен. Оның 4 миллионы 14 жасқа дейінгі балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы радиоактивті элементтің құрамында адам ағзасында қатерлі ісік ауруларын тудыратын цезий – 143, йод –131 түзілімдері болғанын анықтап отыр. Бүгінгі күні радиацияның деңгейі төмендеді. Дегенмен, қорғаныс шаралары сол қалпында сақталған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр