Президент шешімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды.
Ал осыған дейін директор қызметін атқарған Алмаз Нұразхан қызметінен босатылды. 17 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев А.Мұхамедиұлының орнына Ақтоты Райымқұлованы мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындаған. Бұл күні мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму комитеті 55 жастағы Райымқұлованы осы қызметке тағайындау туралы келісім берген.
Айта кетейік, А.Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарып жүргенде, «алаңғасар министр» атанып үлгерген. Мәселен, бір жиында ол бұрынғы президент Назарбаевтың алдына шығып кетсе, үкімет отырыстарының бірінде оны «Нұрсұлтанович» деп, күлкіге қалған.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі