Биылғы оқу жылына жалпы саны 53 мың 700 грант бөлінген.
Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көп балалы отбасыдан шыққан түлектерге 5 мың грант беріледі. Яғни ол межелі балды жинап, бірақ оқуға түсе алмаған көп балалы отбасылардан шыққан түлектерге үлестіріледі. Оған өтініштер 5-10 тамыз аралығында қабылданып, қорытынды 25 тамызда жарияланады.
Осыған дейін білім сапасын көтеру мақсатында елімізде оқу орындарының санын қысқарту ісі басталған. Дегенмен, мемлекет басшысы білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемін жалпы ішкі өнімнің 5 процентіне жеткізіп, қосымша 180 колледж бен 20 университет ашу қажеттігін айтты. Тіпті жоспардың бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы