1 тамызда білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Биылдан бастап білім беру гранттары білім бағдарламалары топтары бойынша тағайындалады. Яғни, әр талапкер жоғары оқу орнына түсу кезінде нақты білім беру бағдарламасын таңдады. Осымен үшінші жыл қатарынан «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиада, ғылыми, спорт жарыстарының жеңімпаздары ҰБТ нәтижесіне деңгейі тең болған жағдайда ғана басымдыққа ие болады. Басқа жағдайларда, олар гранттық конкурсқа тең шарттарда қатысады.
Грант иегерлерінің толық тізімін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», Zakon.kz, Tengrinews.kz, Informburo.kz және «Байқаудың нәтижелерін біліңіз» телеграммасы арқылы білуге болады.
Айта кетейік, биылғы оқу жылына жалпы саны 53 мың 700 грант бөлінген. Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көп балалы отбасыдан шыққан түлектерге 5 мың грант беріледі. Яғни ол межелі балды жинап, бірақ оқуға түсе алмаған көп балалы отбасылардан шыққан түлектерге үлестіріледі. Оған өтініштер 5-10 тамыз аралығында қабылданып, қорытынды 25 тамызда жарияланады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі