Иран үкіметі мәлімдеме жасап, 2015 жылғы келісімге қол қойған еуропалық елдер келісім ережелерін орындамай, «құрғақ сөздерін жалғастыра берсе» Иран үшінші қадамға баратынын айтты. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусави мәлімдеді.
Мусави кешегі мәлімдемесінде, Иранның келісімге қатысқан елдерге берген 60 күн уақыты аяқталғанын, қол қойған еуропалық елдер келісімді сақтап қалуға күш салмаса үшінші қадамға баратындарын жеткізген. Әрі, Иранның келесі қадамы қатаң болатынын ескерткен.
Оның айтуынша Иран бұған дейін келісімді сақтап келді және барлық әрекеттері келісім талаптарына сай болды. «Біз енді Иранның ұлтты мүдделерін қорғау үшін қадамдар жасауға тиіспіз», – деген Мусави.
Гибралтар жағалауында Британ теңіз күштері тарабынан ұсталған Иран мұнай танкері туралы сұрақтарға жауап берген Мусави: «Саяси және құқықтық шаралар жасалуда. Қазірге дейін Британияның елшісі екі рет шақырылды және өзге де еуропалық дипломаттармен сөйлесіп жатырмыз», – деді.
Ол 2015 жылғы «Иран ядролық келісіміне» қатысты сөзінде, Теһран келісімге қол қойған елдерге мүмкіндік бергенін, алайда еуропалық әріптестері «құр сөзбен ғана шектеліп отырғанын» айтқан.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді