Арыстағы оқ-дәрі қоймасы көшіріледі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Арыс пен маңайындағы ауылдардан жалпы саны 30700 оқ-дәрі табылған. Жарылыстан кейін оқ-дәрілер қаладан 60 шақырым жердегі арнайы қоймаға жеткізіліп, залалсыздандырылып жатыр. Енді екі апта көлемінде қару-жарақ, жарылғыш снарядтарды аймақтан көшіру жұмыстары басталмақ. Қазіргі уақытта әскерилер дайындық жұмыстарын жүргізуде.
24 маусымда Арыс қаласындағы әскери қоймалардың бірінде жарылыс болған. Салдарынан екі адам қаза тауып, 165 адам медициналық көмекке жүгінді. Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылып, 28 маусымнан бастап тұрғындар үйлеріне қайтарылды. Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының аумағын жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту үшін арнайы саперлер тобын құрған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр