Иран Ислам Республикасының ең жоғары жетекшісі аятолла Хомейни АҚШ-пен келіссөз жүргізудің мүмкін емес екенін тағы да қайталады. Хомейни сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың келіссөзге ұсыныс етуін алдамшылық әрекет ретінде бағалаған.
Иранның рухани көсемі АҚШ-тың Иранды қайталай келісімге келуге шақыруы белгілі дәрежеде Иранның күш-қуатын мойындауы және Иранның жалғасты күшеюіне деген алаңдауы деп санайды. Ол сөзінде: "АҚШ-пен келіссөзге келу дегеніміз Иранның қарусызданып, Иран халқының күш-қуатынан айрылуы", – деген.
Саясат аренасында да эмоцияны көбірек пайдаланатын Иран лауазымдылары, Трамптың санкцияларын "экономикалық терроризм" ретінде бағалап келеді. Аятолла Хомейни кезекті мәлімдемесінде АҚШ-ты "қақтығыс, жанжал тудырушы және әлем елдерінің байлығын тонаушы жиіркенішті үкімет" деп көрсеткен. Әрі, Йемендегі соғысқа байланысты да АҚШ-ты айыптаған.
Бірнеше айдан бері күшейе түскен АҚШ пен Иран арасындағы қайшылық, өткен аптадан бері тіпті де ушыға түсті. Иран қарулы күштері америкалық ұшқышсыз ұшу құрылғысын атып түсіргеннен кейін, Трамп үкіметі Иранға жаңа санкция енгізді. Қазір тараптар келіссөз мүмкіндігінен барған сайын алыстап, қарулы шабуылдар туралы жиі айтыла бастады. Бұл жағдай аймақтағы және әлем елдерін соғыс қаупіне байланысты алаңдатып отыр.