Әлемдік мұнай бағасы өзгерді, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында осы аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерген. Мәліметтер бойынша, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамызда жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,07 долларға көтеріліп, бір баррелі 57,83 долларға жеткен. Ал Лондондағы ICE Futures биржасында тамызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,06 долларға қымбаттап, баррелі 65,84 доллар болды.
2017 жылы Қазақстан мұнайының орташа бағасы тоннасына 44 мың теңгеге жетіп, 13,6%-ға артқан болатын. Осылайша, жыл сайын отандық қара алтын бағасы қымбаттап келеді. Қазақстан экономикасы мұнай нарығына тәуелді болғандықтан, шикізат бағасының арзандап немесе қымбаттауы маңызды. Себебі ел билігі әзірге экономиканы қуаттандыратын бұдан басқа салаға бет бұра алмай отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы