Арыстағы жарылыстың қайталану қаупі бар. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.
Вице-министр: «Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының көмегімен аэровизалды ұшулары жүргізді. Оқ-дәрі сақталатын қоймалардың аумағында бықсыған оттың 9 ошағы табылды. Яғни, әзірше қайтадан жарылыстардың орын алу қаупі сақталуда. Дегенмен, бастапқы уақытта орын алған жарылыстардай жарылыс болмайды деп ойлаймын», – деп хабарлады. Сонымен қатар, ІІМ өкілі сөзінде: «Қоймалардағы өрт салдарын жою және отты сөндіру жұмыстарына, меніңше, бүгінгі күннің ішінде өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған арнайы сауытты техникалар кірісетін болады», – деді.
Қазіргі уақытта Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының аумағын жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту үшін арнайы саперлер тобын құрған.
Еске сала кетейік, 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери қомалардың бірінде жарылыс болған. Салдарынан екі адам қаза тауып, 165 адам медициналық көмекке жүгінді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр