Венесуэладағы ахуалды БҰҰ бақылауға алмақ. Ұйымның Бас комиссары Мишель Бачелеттің сапары барысында қос тарап осындай келісімге келді.
Мәліметтер бойынша, БҰҰ өкілдері елге техникалық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Осы мақсатта Бачелет ресми Каракаспен саяси тұтқындар мәселесін де талқылаған. Қазір Венесуэла түрмелерінде 700 саяси тұтқын отыр.
Осыған дейін Венесуэла ассамблеясы елдегі оппозиция басшысы Хуан Гуайдоны құқықтық иммунитетінен айыру туралы үкім шығарған. Аталған жағдайдан кейін Гуайдоның өзі жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, «арнайы қызметкерлер қастандық жасамақ» деп мәлімдеген. Оның айтуынша, елдегі бірде-бір құрылымда құқықтық иммунитеттен айыру құқығы жоқ. Кейіннен Мадуро тарабы БҰҰ ұсынған материалдық көмектен бас тартқан болатын.
Венесуэладағы саяси дағдарыс қаңтарда ушыға түскен. Сол уақытта Ұлттық ассамблея бақылауындағы оппозицияны басқарған Гуайдо өзін уақытша үкіметтің басшысы деп жариялаған болатын. Гуайдоны АҚШ-пен қоса 50-ден астам ел қолдады. Ал Қытай мен Ресей тарапы қазіргі басшы Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, билікке өзге мемлекеттердің араласуын «халықаралық құқықбұзушылық» деп атады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау