Гонконгте 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шықты. Бұл Гонконг тарихында болмаған массалық наразылық акциясы. Жексенбі күні билік тарабы арнайы мәлімдеме жасап халқынан кешірім сұрады, жұрт наразы болған экстрадициялау туралы заң жобасын қабылдауды да уақытша тоқтатып қойды. Алайда, заңның кері қайтарылуын талап еткен жүз мыңдаған адамның наразылық шеруі жалғасып жатыр.
Полиция тарабының ресми мәліметінде наразылық шеруіне 338 мың адам қатысқан. Ал ұйымдастырушылардың есебінше шерушілер саны бұдан бірнеше есеге көп. Тіпті, шараны ұйымдастырушылардың бірі Жин Миншан бір күн бұрынғы шеруге 2 млн адам қатысады деп жоспарлап отырғанын да жеткізген.
Айрықша түзіммен басқарылып келе жатқан Гонконгте өзіне тән заң-ережелері бар. Ал, экстрадиция туралы Гонконг Қытайдың өзге өлкелерімен (провинция) жеке-жеке келісімдері бар. Ал, Бейжіңнің қабылдаған жаңа заңы Гонконг азаматын Қытайдың өзге өлкелері талап етуі бойынша экстрадициялауы керек. Наразылық шарасы осы заң жобасына қарсы өтуде.
Бірақ, Бейжің билігі демократиялық құндылықтарға сай наразылық акциясының өтуін "ұнатып отырған жоқ". "Бұл Гонконгтың автономиялық құқығын шектеуге итермелейді" деп ескертуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?