Таяу 10 күнде Иранның уран запасы осыған дейінгі МАГАТЭ-мен келісілген деңгейден асады. Бұл туралы Атом энергиясы бойынша агенттік басшысы Бехруз Камалванди мәлімдеді.
«Associated Press» агенттігінің мәліметінше, алдағы он күнде Иранда байытылған уран көлемі 2015 жылы Теһран мен әлемдік алты державаның ортасында болған келісімде көрсетілген межеден 300 келіге көбейеді.
Өткен жұмада Иран президенті Хасан Роухани: «Егер келісімге қол қойған тараптар ешқандай "оң" белгі бермесе, Теһран құжатта көрсетілген шарттарды атқарудан бас тарта береді» - деген. 8 мамырда Иран келісімдегі бірқатар міндеттемелерді артқаруды жартылай тоқтатқан. Кейіннен Ұлыбритания, Франция және Германия елдері Теһранды келісімді бұзбауға шақырған.
АҚШ бұл келісімнен былтыр мамыр айында шығып кетіп, Иранға қарсы экономикалық санкцияларды қалпына келтірген. Екі ел арасындағы кикілжің Уашингтон Теһранды Персы шығанағында мұнай танкерлеріне шабуыл жасады деп айыптағаннан кейін ушыққан.
2015 жылғы келісімге АҚШ пен Ираннан басқа, Британия, Ресей, Жапония, Германия және Франция қол қойған. Оған сәйкес, Иранға уранды 3,67 пайыздан асыра байытуға тыйым салған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?