Порошенко Зеленскиймен альянс құруы мүмкін.
Украинаның бесінші президенті Петр Порошенко "Прямой" телеарнасының эфирінде өзінің басқаруындағы "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы қазіргі мемлекет басшысы Владимир Зеленскийдің "Халық қызметшісі" (Слуга Народа) саяси күшімен альянс құруы мүмкін екендігін айтты.
"Мен біздің Еуроодақ пен НАТО-ға жолымызды жалғастыру үшін бірегіміз деп үміттенемін" - деді Порошенко.
Бұдан бөлек, Порошенко Зеленскийге кез келген уақытта көмектесуге дайын екендігін айтты. Бірақ ол Украина аумағына "орыс әлемін" алып келгісі келіп жүрген Янукович саяси жақтастарымен еш уақытта одақ құрмайтынын жеткізді.
Петр Порошенко сәуір айында өткен президент сайлауының екінші турында Владимир Зеленскийден жеңілген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап