Алматы қаласының бірнеше көшелерінде полициялардың жүргіншілерді ұстау әрекеті жалғасуда. Тілшілеріміздің хабарына қарағанда, елімізге танымал журналист Бақытжан Қосбармақовты полиция ұстап әкеткен.
Полиция қызметкерлері журналист Бақытжан Қосбармақовты "Астана" алаңы маңынан арнайы көлікке күштеп отырғызып алып кеткен. Тілшілеріміздің айтуынша, Бақытжан Қосбармақов полиция қызметкерлеріне журналистік куәлігі мен жеке куәлігін көрсетіп, құжаттарының толық екенін айтқан. Алайда, полиция қызметкерлері күштеп көлікке отырғызған.
Бақытжан Қосбармақов пен бірге жақында ғана шетелден келген журналист Ержан Әбдіраманды да полиция ұстаған.
Қала ішіндегі журналистеріміз, "Астана" алаңы мен Абай және Байтұрсынұлы көшелері бойында полицияның жүргіншілерді ұстауы әлі де жалғасып жатқанын хабарлауда. Олар қазірге дейін оннан астам адамның ұсталғанын айтады.


















Сатираның аузына темір скотч. Сөз бостандығы шартты түрде бостандыққа шықты
"Лондон саммиті: Еуропа көшбасшылары Трамппен келіспеушіліктен кейін Украинаға қолдауды арттыруға келісті"
Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен қарым-қатынасы және қауіпсіздік кепілдіктері туралы пікір білдірді
Зеленскийдің Трамппен кездесуі жанжалмен аяқталып, Ақ үйден кетіп қалды
Рысбек Сәрсенбайұлы: Билік "Дикый Арманды" 20 жылға соттағанымен "Қанды Қаңтар" ақиқатын ашқан жоқ
«Учаскеден әруаққа көк хат»: Алматыда марқұмға келген шақырту