Патрик Килонзо Мвалуа атты кениялық азамат Tsavo West ұлттық паркінің құрғақшылықтан жапа шегіп отырған аймақтарындағы жабайы жануарларға "өмір нәрін" тасумен айналысады. Көпшіліктін арасында "су тасығыш" атанып кеткен бұл қайырымды азамат құрғақшылықтан жойылу қаупі төніп тұрған мыңдаған тіршілік иелерін құтқаруда.
Соңғы уақыттағы құрғақшылық салдарынан өңірдегі тіршілік иелері судан қағылып отыр. "Бізде бұрынғыдай жауын жаумайтын болды. Содан мен алыс аймақтарға су таси бастадым. Егер тасымасам, олар шөлден өлер еді" - деді, Патрик Килонзо.
“The Qazaq Times”