Алматыда полиция наразы халықты жаппай ұстауда. 

Бүгін Алматының "Астана" алаңында полиция мен арнайы жасақ сарбаздары алаңды қоршауға алып, кезектен тыс президент сайлауына қарсы наразылық акциясын өткізбек болған ондаған адамды ұстады. Ұсталушылардың бірі полиция көлігінің ішінде өз өзіне қолжұмсап, тамырын кесіп тастады. Салдарынан белсенді есінен танып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жөнелтілді.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында кешеден бері кезектен тыс президент сайлауына қарсы наразылық акциялары өтуде. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 500-ге жуық адам ұсталған. ІІМ орынбасары Марат Қожаев алаңға жиналған халықты"арандатушылар" деп атап, олардың барлығы заң алдында жауап беретін болады деп мәлімдеді.

"The Qazaq Times"