Бүгін, 9 маусым кезектен тыс президент сайлауы күнінде Алматыдағы «Астана» алаңы және Әлия-Мәншүк паркіне жүздеген адам жиналып, наразылық акциясын өткізді. Алайда, наразылық акциясы полиция тарабынан күшпен таратылды.

Фото: QT.

Түскі саған 11:00 шамасында «Астана» алаңы мен Әлия-Мәншүк паркіне бір топ наразы жұрт жинала бастады. Жиналғандардың қарасы көбейе бере полиция қызметкерлері жүргіншілерді арнайы полиция көліктеріне отырғызып, әкете бастады.

"Полиция халықтың аяғын жерге тигізбейді". Фото: QT.

Наразы жұрт өздерін ұстауға тырысқан полицияларға «Полиция халықты қорғайды», «Полиция халықпен бірге» деп ұрандады. Алайда, полиция қызметкерлері алаң жанына топтасқан адамдарды арнайы көліктерге күштеп  отырғызып жатты.

"Полиция халықпен бірге". Фото: QT.

Бұдан кейін наразы топ Әлия Молдақұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіші алдына жиналып, «Бойкот» деп ұрандады. Ескерткіш алдына жүрелей отырған топты таратуға полиция күштерінен бөлек арнайы жасақ сарбаздары мен ішкі әскерлер де жұмылдырылды.

"Полиция халықты көтереді". Фото: QT.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ басшысы Мұхтар Әбіләзов 9-10 маусым күндері халықты акциясына шақырған болатын.  

"Полиция халықты көтереді". Фото: QT.

Фото: QT.

“The Qazaq Times”