Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аналар наразылығына қатысты мәлімдеме жасап, аталған мәселенің 4 маусымда қаралатынын айтты.

Президент өзінің Twitter-інде: «Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет. Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет», – деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 3 маусымда Нұр-Сұлтанда ондаған ана Ақорда мен үкімет үйі алдына жиналып, биліктен баспана мәселесін шешуді сұрады. «Әкім мен министрдің уәдесінен шаршағанын» айтқан аналар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Асқар Маминнің шығуын талап етті. Кейіннен Наразы әйелдерге премьер-министрдің бірінші орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов шығып, сабырға шақырған. Бірақ биліктен баспана талап еткен аналар сол маңнан кетпей отырып алған. Кейін оларға Бақытжан Сағынтаев шығып, оларды Үкімет үйіне алып кіріп, шағымын тыңдаған.

"The Qazaq Times"