Ұлыбританияда Қазақстанда өтетін кезектен тыс президенттік сайлау талқыланды.
Қазақстанның Британиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов жергілікті саяси және бизнес элита, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне кезектен тыс президенттік сайлаудың қазақстандықтар үшін маңызын және оған дайындық туралы әңгімеледі. Кездесу Ұлыбританиядағы саясат пен бизнестегі көшбасшылардың басын біріктіретін орталық – Лондон директорлар институтында өткен. Басқосу кезінде Қазақстандағы реформалар мен алдағы сайлауға дайындық шаралары талқыланған.
CMS Cameron Mckenna Nabarro Olswang LLP компаниясының кеңесшісі Тревор Бартон: «Елші сайлау өткізудің ережелері туралы айтты. Біз науқанның демократиялық нормаларға толық жауап беретіндігін түсіндік. Бірнеше кандидат бар екен. Сайлау нәтижелерін асыға күтетін боламыз және әділ сайлау өтеді деген ойдамыз», – дейді.
Айта кетейік, биыл кезектен тыс президенттік сайлау 9 маусымда өтеді. Осы жолы ҚР ОСК жеті кандидатты тіркеді. Олардың ішінде «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рахымбеков, Қазақстанның коммунистер партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәді-Бек Түгел, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева бар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті