Бұдан он күн бұрын Петербор қаласындағы бір кафеде жаппай төбелес болып, 4 адам пышақтан ауыр жарақат алған еді. Ресейлік басылымдардың хабарына қарағанда, төбелеске қатысқан қос тарап та қаладағы шетелдік мигранттар делінген. Осы оқиғадан кейін Петербор полициясы мигранттар тұратын районда ауқымды рейд алып барды. Ауқымды операция бірнеше күнге жалғасқан.
Хабарларға қарағанда, төбелес өзбекстандықтар мен оңтүстік кавказдық азаматтар арасында болған. "Фонтанка" атты басылым пышақтан жарақат алғандарды Өзбекстан азаматтары деп көрсеткен. Аталған қаладағы жергілікті басылымдар бұл операцияның соңғы он жылдағы ең ауқымды рейд деп бағалаған.
Полиция тарабы бұл операцияның мақсаты қылмысқа қатысты күдіктілерді іздестіру деп түсіндірген. Полиция мәлімдемесінде: "Төбелесте пышақтан 4 адам жарақат алды. Тергеу нәтижесі бойынша айыптылар белгілі болды. Олар жақынғы шетелдік азаматтар. Мәліметтерге негізделгенде олар Петербор қаласында жасырынып жүр. Кезекті рейд айыптыларды табуға бағытталған", – делінген.
Өзбекстан мен Қырғызстанның Ресейдегі елшіліктеріне рейд туралы арнайы хабарлама берілмеген. Десе де, күдікті қатарында ұсталған азаматтары болған жағдайда елшіліктерге хабарлануы тиіс. Жергілікті басылымдардың сөзіне сенсек мигранттар қатысқан мұндай топтық төбелестер жиі туылатын көрінеді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап