29 мамыр сағат 18.00-де президенттікке үміткерлер арасында теледебат өтеді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, теледебат пен сөз сайыстыру үш бөлімнен тұрады. Уақыты – шамамен 80 минут.
Брінші бөлім екі кезеңнен тұрады. Алдымен әрбір қатысушы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады. Ал екінші кезеңде қатысушылар өзара сұрақ-жауап өткізеді. Қатысушылар қарсыластарына екі сұрақтан қоя алады және екі сұраққа ғана жауап береді.
Екінші бөлімнің тақырыбы «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы». Бірінші кезеңінде әрбір қатысушы берілген тақырыпта сөз сөйлейді. Екінші кезеңде кандидаттар жүргізушінің қойған сұрағына жауап беруі тиіс
Пікірталастың шешуші бөлімінде кандидаттар халық алдында яғни сайлаушыларға жарнамалық сөз арнауы тиіс.
Дебат «Қазмедиа орталығы» кешенінің павильонында ұйымдастырылып, «Хабар» телеарнасында көрсетіледі. Жүргізушілері – Ерлан Игисинов пен Қымбат Досжан.
Еске сала кетейік, осы жолы ҚР ОСК жеті кандидатты тіркеді. Олардың ішінде «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рахымбеков, Қазақстанның коммунистер партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәді-Бек Түгел, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді