Жексенбіде Әзірбайжанда кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Елдің Орталық Сайлау Комиссиясы берілген 87 пайыз дауысты есептегеннен кейін қазір биліктегі «Жаңа Әзірбайжан» партиясын жеңімпаз деп жариялады.
Сайлау нәтижесіне сай Әзірбайжан Парламентіндегі 125 орынның 65-ін ЖӘП иеленуі мүмкін. Елдегі ресми мәлімет бойынша сайлауға ел азаматтарының 47,8 пайызы қатысқан.
Дегенмен, Әзірбайжандағы сайлауда алғаш рет сайлаушылар тәуелсіз талапкерлерге көбірек дауыс берді. Сарапшылардың пікіріне қарағанда сайлаудан кейін жас саясаткерлер қатары көбеюі мүмкін.
Сайлауға оппозициялық партия саналатын «Мусават» партиясы да қатысқанын айта кетейік. Сайлаудан бұрын бұл партия барлық қолдаушыларын сайлауға белсене қатысуға шақырған. Олар оппозициялық күштер үшін бұл сайлау тарихи сайлау болатынын айтқан еді.
Дегенмен, елдегі шынайы оппозиция ретінде аталып жүрген «Ұлттық демократиялық күштердің кеңесі» кезектен тыс сайлауды заңсыз деп тауып, сайлауға бойкот жариялады. Олар қазір елде ашық әрі демократиялы сайлау өткізу мүмкін емес.
Әзірбайжан Парламентіндегі 125 орын үшін тіркелген 19 партиядан 272 үміткер қатысқан. Алайда, тәуелсіз үміткерлер саны олардан бірнеше есе көп. Парламент сайлауына үміткер тәуелсіз қатысушылар санын қоса есептегенде кезекті сайлауға 1300-ден астам талапкер қатысқан. Бұл Әзірбайжандағы ішкі наразылықты да көрсетті деуге болады.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?