Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Шавкат Мирзиеевтің шақыртуымен Өзбекстанға барды.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын және Еуропалық одақпен байланысты талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған.
Кездесу аясында Ф.Штайнмайердің Өзбекстан мен Германияның жетекші компания, банктерінің өкілдерімен кездесуі, бірқатар өнеркәсіптік және басқа да объектілерге бару жоспарланған. Сапардың келесі күнінде Германия президенті Хорезм облысына барып, Үргеніш мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездеседі. Мұнымен қатар, Хиуаның тарихи және сәулеттік көрікті жерлерімен таныспақ.
27-29 мамыр аралығында жалғасатын сапар қорытындысы бойынша экономика, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге бағытталған келісімдерге қол қойылмақ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді