Түркия Сүрия оппозициясын қаруландыруда.
«Reuters» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркия Башар Асад режиміне қарсы соғысып жатқан Сүрия оппозициясына арналған қару-жарақ тасымалын арттырған. Ресми Анкара бұндай шешімді Мәскеумен Идлиб аймағына байланысты келісімге келе алмағаннан кейін қабылдаған. Түркия Ресейден Идлибке шабуыл жасауды тоқтатуды сұраған. Себебі соғыс аумағынан Түркияға қоныс аударушы босқындар саны соңғы айлары күрт өскен.
2018 жылдың қыркүйек айында Түркия мен Ресей Идлибте бейбіт аймақ құруға байланысты келісімге келген.
Анкара қазірдің өзінде Сүрия аумағына танкіге қарсы зымыран жүйелерін, брондалған әскери көліктер мен Град реактивті зымыран жүйелерін жеткізген. Сүрия оппозициясы Түркия қаруының арқасында Асад армиясы жақында ғана өз бақылауына алған Кафр-Набуда қаласын басып алуы мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?