Британияның бас уәзірі (премьер-министрі) Тереза Мэй ханым кеше, жұма күні мәлімдеме жасап, 7 маусым күні өз міндетінен кететін айтты. Бұған дейін Британия Парламенті Мэй ұсынған "брексит" (Еуропалық Одақтан шығу) жобасын мақұлдамай тастаған еді. Мэй ханым Парламентте ұрыс-керіске жақын дау-дамай, сын мен айыптаулардан кейін аталған мәлімдемесін жасаған.
10 мамырда Тереза Мэй эмоцияға толы мәлімдемесінде: "Мен Британия халқының референдум шешіміне құрметтеп, брексит үшін бар күшімді салдым", – деген болатын. Әрі, Британияның ЕО-дан шығуын жүзеге асыра алмағанына өкінішін білдірді. Британия бас уәзірінің өз үкімет мүшелері, айталық СІМ басшысы мен өзге де консервативті өкілдер оның көтерген саяси бастамасына қарсы болды. Бұл Парламентте Тереза Мэйге қарсы көзқарастың күшеюіне алып келді. Нәтижесінде Тереза Мэй отставкаға кетуге мәжбүр болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп 3-5 маусым күндері Британияда мемлекеттік сапарда болады. Тереза Мэй Британияның премьер-министрі ретіндегі соңғы АҚШ президентін қабылдайды да, Трамп еліне аттана салысымен қызметінен кетеді. Ағылшын Парламентінің шешімі солай болған.
Ал, содан 4 күн өткеннен кейін Британияның қазіргі Консервативтік партия арасында жаңа басшыны тағайындау үшін сайлау өтеді. Жаңа көшбасшы қызметіне кіріскенге дейін Тереза Мэй министрлер кабинетін басқарып тұрады.