Ресей Британ саясатына киліккен болуы мүмкін деген мәлімдеме ағылшын елінің Парламентінде қызу талқыға мұрындық болды. Аталған мәлімдемеде, ресейлік 9 қалталы кәсіпкердің «Брекситті» жақтаған Консерваторлар партиясын және саясаткерлерін қаржыландырғаны айтылған.
Бұндай мәлімет ең алдымен өткен аптада Sunday Times басылымында жазылған. Басылым ашық көрсетілмеген ақпарат көздерінің мәліметіне сүйене отырып жазған болатын. Премьер-министр Борис Жонсон (Джонсон) мәліметті сайлаудан бұрын жариялаудан бас тартты. Бұл әрекеті оның саяси қарсыластарына ұнамады. Олар: «Жонсон сайлаушылардан бір нәрсені жасырып отыр», – деп айыптауда.
Бірақ, аталған мақалада есімдерін атаған ресейлік кәсіпкерлердің екеуі BBC-ге берген сұхбатында басылымды ауыр сынға алған. Өздеріне тағылған бұл айыпты жала жабу ретінде бағалаған.
Шын мәнісінде, Британ Парламентіндегі Қауіпсіздік және барлау комитеті 2017 жылы ЕО-дан шығу туралы референдум кезінде Ресейдің килігуі тақырыбындағы мәлімдемені бірнеше ай бойы дайындаған болатын. Мәліметтер алдағы сайлауға дейін жарияланады деп күтілген, бірақ олай болмады. Борис Жонсон мәліметтерді сайлаудан кейін жария ететінін білдірді.
Осыған қарап кейбір сарапшылар бұл құжатта сайлау нәтижесіне ықпал ететін мәліметтер болуы мүмкін деп болжайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау