Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй отставкаға кетуі мүмкін.
«The Times» басылымының министрлер кабинетіндегі дерек көзінің мәліметінше, Тереза Мэй өзінің отставкаға кетуі жөнінде мамыр айының 24-і күні жариялауы мүмкін. Мэйдің бұндай қадамға баруына Brexit мәселесінің шешілмеуі себеп болмақ. Себебі осы уақытқа дейін үкімет мүшелері Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуына байланысты қандай да бір келісімге келе алмаған.
«The Daily Telegraph» басылымының болжамы бойынша, Мэй өзінің отставкаға кететіндігін 27 мамыр күні Даунинг-стриттегі халықпен кездесуден кейін жариялайды. Өйткені Мэй жақтастарының пікірінше, дәл қазір отставкаға кету халық тарапынан жоғары бағаланады. Ал бұдан кешігетін болса, халық алдындағы беделі төмендеп, қызметтен еріксіз кетуге тура келеді.
Тереза Мэйдің көптеген жақтастары ол депутаттарға «Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуына байланысты қайтадан референдум өткізу қажат» - деп ұсынғаннан кейін қарсы шыққан. Еуроодақ пен Ұлыбритания Brexit мәселесін шешуді 31 қазанға дейін кейінге қалдырған. Бірақ келісім бойынша, Лондон одақтан шығуға байланысты заң жобасын 2019 жылдың 22 мамырына дейін ратификациялауы тиіс болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?