Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Анкарада алда келе жатқан кезектен тыс президенттік сайлау мен оған дайындық шаралары жөнінде баспасөз жиынын өткізді.
Отырысқа Түркияның ақпарат агенттіктері, ірі медиахолдинг өкілдері қатысты. Басқосу барысында қазақстандық тарап БАҚ өкілдеріне Қазақстандағы президенттік сайлау заңнамасы, науқаны мен үміткерлер жайлы жан-жақты ақпарат беріп, қос тарап кезектен тыс президенттік сайлаудың өту барысын талқылады.
Кездесуде журналистер Қазақстандағы діни ахуал, Орталық Азиядағы ынтымақтастық үрдісі, Жібек жолы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы және екі ел арасындағы сауда-саттық тақырыптары төңірегінде ой бөліскен. Түркиялық медиа Қазақстанда әділ және ашық сайлаудың өтуіне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, осы жолы ҚР ОСК жеті кандидатты тіркеді. Олардың қатарында «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рахымбеков, Қазақстанның коммунистер партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәді-Бек Түгел, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева бар.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі