Қазақстандағы жоғары оқу орындары жанынан жазғы академиялық мектептер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова хабарлады.
Үкімет отырысында сөз сөйлеген К.Шәмшидинова: «Джон Хопкинс университетінде жылына 10 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары жазғы демалыстарын өткізеді. Жүздеген тақырыптарды зерделеп, зерттеу жұмыстарымен айналысады. Осы лагерьден өткен жастардың ішінен 37 Нобель лауреаты шыққан. Соңғы жылдары еліміздегі Назарбаев Университеті, ҚБТУ, AlmaU да жазғы мектептер ұйымдастырып жүр. Биыл республикадағы басқа да жоғары оқу орындары жанынан жазғы академиялық мектептерді ашу балаларды демалыспен қамтумен қатар, олардың біліктілік деңгейін жоғарылатар еді»,– деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, премьер-министр Асқар Мамин: «Балалардың демалысын ұйымдастыру - маңызды мәселе. Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында балалардың демалысы жоғары деңгейде жоспарланған. Аталған жұмысқа тиісті деңгейде көңіл бөлмеген өңірлер де бар. Атырау және Түркістан облыстарында осы бағытта нақты шараларды ұйымдастыру тиіс. Әкімдіктер мен меценаттарды бұл шараға белсене атсалысуға шақыру қажет», – деп, білім саласына қатысты жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Алдағы уақытта тиісті жол картасы әзірленгеннен кейін, академиялық мектептер жобасы таныстырылмақ.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы