Ресей басшысы Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын.
«Менің түсінуімше, Дональд Трамппен кездесуіміз Жапонияда өтетін «Үлкен жиырмалық» саммиті аясында болады. Егер АҚШ тарапы екіжақтық байланысты осындай форматта жалғастыруға мүдделі болса, біз кез келген жерде кездесуге дайынбыз» - деп мәлімдеді Путин мамыр айының 15-і күні Австрия президентімен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Бұдан бөлек Путин келіссөздер жүргізуге Ресей емес АҚШ-тың әлі де болса дайын емес екендігін айтты.
«Біз қашан да ашықпыз. Мәселе бізде емес, біздің америкалық әріптестерімізде. АҚШ-тың ішкі саяси жағдайы өзгерген уақытта біз қолымыздағы барлық мүмкіндіктерді жұмсаймыз» - деді Ресей президенті.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Влдадимир Путин АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен кездескен. Кездесуден кейін Ресей президентінің көмекшісі «кездесу ешқандай жаңалық алып келген жоқ» деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?