Каспий теңізі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының келесі мәжілісі шілдеде Иранда өткізілмек.
Ресми Теһран Қазақстан парламентінің Каспий теңізінде оқыс оқиғалар болдырмау конвенциясын рәсімдеуіне байланысты қолдау білдірді. Бірлескен жоба аясында Каспий маңындағы бес мемлекет транзит, теміржол қатынасы, қоршаған ортаны қорғау және аймақтық қауіпсіздік салаларында өзара ынтымақтастық орнатқан. 1921 мен 1940-жылдары Иран мен Кеңес Одағы аймақты өзара бөлу, кемелер қозғалысы мен балық аулау жөнінде конвенцияға қол қойған болатын. Енді Иран мен Ресей аталған келісімді жылдың аяғына дейін ратификацияламақ. Осыған қатысты халықаралық мәселелер бойынша сарапшы Сейед Бехзад Ахлаги: «Конвенцияның теңіз акваториясына қатысты баптарын толық күшіне енгізу үшін қысқа мерзімде Каспийдегі шекараларды белгілетін тәсілдемені әзірлеуін аяқтап, бесжақты келісімге қол қою қажет. Бұл аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сыртқы қатер деңгейін төмендетеді», – дейді.
Былтыр 12 тамызда Ақтауда V Каспий саммиті өтіп, теңізде оқыс оқиғаларды болдырмау келісіміне қол қойылған. Құжат бес мемлекеттің әскери кемелері мен ұшақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Саммитке Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей және Иран басшылары қатысып, тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерді қарастырды. Сонымен қатар, басқосуда мемлекет басшылары бес жақтық үкімет аралық құжаттарға, сауда-экономикалық, қауіпсіздік, экология және транспорт салалары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қатысты құжаттарға қол қойылған. Қазіргі уақытта осы келісімді Қазақстан, Түрікменстан және Әзербайжан ратификациялады.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келісімге жоғарыда аталған бес мемлекет 20 жылдан астам уақыт бойы белігі бір келісімге келе алмай келген болатын. Оған басты себеп Каспий жағалауында орналасқан Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей және Иранның теңізді өз ара бөлісе алмауы. Сарапшылар пікірінше, 2003 жылға дейін тараптар Каспий теңізін тек алып су бассейні және пайдалы қазба байлықтарының алтын қоры ретінде көрсе, 2003 жылдан кейін аймақ геосаяси, геоэкономикалық маңызға ие бола бастады. Негізінен Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау жұмысы 1996 жылдан бері жүрген. Конвенция жобасын 2017 жылы Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесуі барысында бекіткен. Бұл келісім 5 елдің теңізшілері мен ұшқыштары арасында достық қатынатысты нығайтып, Каспий теңізінде кемелердің соқтығысуын болдырмауға арналған халықаралық ережелердің енгізілуін тездетті.