«АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің ең үлкен проблемасы – Қытай». Бұндай пікірді Құрама Штаттың БҰҰ-дағы бұрынғы өкілі Никки Хейли Сеулде өткен халықаралық конференцияда ортаға салды. Оның бұл пікірін АҚШ-тың Fox News теле арнасы таратқан. 

«Қытай біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің басты мәселесіне айналды. Бұл Қытайды Құрама Штаттың жауы болды дегенді білдірмейді. Бірақ ол Құрама Штаттармен қатысты сауда және инвестициялық жобаларға қатысушы, Құрама Штаттың ең басты стратегиялық бәсекелесі және әскери қарсылас болуға да әлеуеті бар», – дейді Хейли ханым.

Никки Хейли Қытай агрессиялық әсері теорияға сәйкес дамитынына келіспейтінін бұған дейін де айтқан болатын. Яғни, теорияға сәйкес, Қытай бай мемлекетке айналғаннан кейін оның ішкі саясаты ашықтыққа бет бұрады, ішкі және сыртқы қатынастарға қатысты саясаты Құрама Штаттарына ұқсас жүреді деп күтілген. Хейлидің айтуынша, Қытайдың қазіргі басшысы Ши Жинпиң бұл үмітті селге кетірді.

Хейлидің айтуынша, Қытайдың экономикалық дамуы оны демократияландырған жоқ, керісінше Қытай билігінің қатаң режимге айналдырды. Сондай-ақ, Қытайдың әскери амбициясы қауіпсіздік пен қорғанысты кепілдік етумен шектелмейді, оның әлемді үркітіп-қорқыту мақсаты бар деп қарайды.

Ол сөзінде, Қытай Ши Жинпиң басшылығында қатаң режимдегі мемлекетке айналды деп бағалаған. Әрі, бұл режим АҚШ-ты қамтыған бірқатар шет мемлекеттерден зияткерлік меншік құқығын ұрлау және экономикалық саясат арқылы өзге елдерге, сол елдердегі өз режимін сынаған адамдарға қарсы бақылау мен ықпал етуді күшейтуге барын салып жатқанын айтқан. Бұл сол елдегі адамдардың да ойлау әсеріне ықпал еткен. Айталық, америкалықтар іскерлік ойларға жүгінсе, қытайлықтар қуатты саяси ойларға жүгінеді.

Айта кетейік, Никки Хейли Құрама Штаттың үлкен саясатындағы танымал әйел саясаткерлердің бірі. Республикашылдар өкілі Хейли Оңтүстік Каролина Штатының губернаторы, Құрама Штаттағы БҰҰ-дағы арнайы өкіл (2016 жылы қарашада тағайындалған)  қызметтерін атқарған. 2018 жылы қазанда бұл қызметінен отставкаға кетті және Трамп әкімшілігімен қоштасты.

“The Qazaq Times”