Ташкент қаласының әкімдігі «Мәңгілік полк» шеруін өткізуге тыйым салды.
«Ғаламторда мамыр айының 9-ы күні Ташкент қаласында «Мәңгілік полк» шеруі өтеді» - деген жалған ақпарат тарауда. Аталмыш ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі жалпы халықтық шара өткізуге байланысты ешкім тиісті органдардан рұқсат алмады» - делінген Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Әкімдік «Мәңгілік полк» шеруінің орнына шараға қатысуға ниеттілерді 9 мамыр күні сағат 10:00-де билік өкілдері ұйымдастыратын мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырды.
Бұған дейін сәуір айында «Мәңгілік полк» шеруін ұйымдастырушылар Ташкент қаласының әкімі Жаһангер Артықходжаевтың шараны өткізуге рұқсат бергенін мәлімдеген.
Екі апта бұрын премьер-министр Абдулла Әріпов 9 мамыр күні георгий таспасының орнына ұлттық нақыштағы таспаларды пайдалануды ұсынған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?