ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне кандидаттар арасында теледидардан ашық пікірталас өткізу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
Қазірге дейін теледебат өткізу туралы жүз қырыққа жуық ұсыныс-хат келіп түскен. Мәлімдемеде айтылғандай, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына және ҚР ОСК-ның қаулысымен бекітілген Күнтізбелік жоспардың 7-тармағына сәйкес эфир мен баспасөз алаңын беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер тиісті бұқаралық ақпарат құралымен 2019 жылғы 5 мамырда сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей хабарландырылуы және жариялануы тиіс. Мемлекет сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең шарттарына кепілдік береді. Сонымен қатар, үміткерлер БАҚ-қа ұсынған үгіт материалдары Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сай болуы тиіс.
К.Петров: «Президенттікке кандидаттар, оларды ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы мұндай мүмкіндікті қарастыруда. Ережеге сәйкес, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуінің кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді», – деді.
Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеуді мерзімінен бұрын аяқтады. Қорытынды бойынша, жеті кандидатқа Қазақстан президенттігіне үміткер төлқұжаты табысталды. Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел