АҚШ Конгресі Йемендегі соғыста Сауд Арабиясы бастаған коалицияға әскери қолдау көрсету шешімін ақыры тұрақтандырды. Екі апта бұрын әскери көмекті тоқтату туралы Конгресс шешіміне президент тарабынан вето қойған болатын.
France ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, бір күн бұрын Конгресс өкілдері президенттің ветосын қабылдау немесе қабылдамау туралы дауыс берді. Президент ветосын қабылдамау үшін Конгресс өкілдерінің үштен екісі, яғни 67 дауыс беруі керек болған. Алайда, Трамптың ветосына қарсы 53 дауыс берілді. Нәтижесінде, Конгресс шешіміне қарсы президент қойған вето өз күшінде қалды.
Йемендегі соғыста Сауд Арабиясы бастаған коалицияға әскери көмек беруді тоқтату мәселесі Сенатта наурыз айында талқыға салынған. Онда 46-ға қарсы 54 сенатор мақұлдаған еді. Ал, сәуір айының орта шенінде Өкілдер палатасында талқыланып, 115 өкіл қарсы дауыс беріп, 247 өкілдің мақұлдауымен шешім қабылданған. Алайда, АҚШ президенті өз құқығына сай Конгресс шешіміне вето қойған.
Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йеменге кіргеннен бері АҚШ тарабынан әскери қолдау тауып келеді. Қару-жарақ сатып беруден тыс логистикалық және ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі