Иран мұнай ісі жөніндегі министрлігі мәлімдеме жасап, Иранның Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына өз мүддесі үшін мүше екенін, егер ұйым мүшелері Иран мүддесіне қарсы әрекеттерге барса Теһран қатаң жауап қайтаратынын ескертті. Бұл туралы сол елдің IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Иран мұнай министрі Бижан Намдар Зангена аталған мәлімдемесін бейсенбі күні елдің орталық қаласында МЭЕҰ бас хатшысы Мұхаммед Сануси Баркиндомен кездесу кезінде жасаған. Ол сөзінде: «МЭЕҰ кейбір мүшелерінің біржақты әрекеттерінен зардап шегіп отыр. Бұлай жалғаса берсе Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы тарап кетуі мүмкін. МЭЕҰ мүшелері Иранға қысым жасап, оның мүдделерін қатерге итермелесе, бұл Теһран тарабынан жауапсыз қалмайды», – деген.
Аталған ұйымның бас хатшысы Иран сапарында бірқатар ресми кездесулер өткізген. Ол қазіргі жағдайда Иран мұнайын әлемдік нарықтан алып тастаудың мүмкін емес екенін де ескерткен. Иранның мұнай экспорттаушы елдердің қауымдастығымен жасап отырған кейбір қадамдары АҚШ-тың соңғы санкция шешімдеріне байланысты екені анық.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес