Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларын күшейтпек.
Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымықтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуінде Ресейдің алдағы уақытта Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларын күшейтетіндігі белгілі болды.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, ресми Мәскеу өзінің Орталық Азиядағы одақтастарын Ауғанстаннан келетін лаңкестік топтардан қорғау мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базадарын күшейтеді.
«Төтенше жағдайларға дер кезінде жауап беру үшін біз Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларымызды күшейтетін боламыз. Бұдан бөлек Ресей Орталық Азиядағы одақтастарының армиясын модернизациялауға, әскери техникамен қамтамасыз етуге, тұрақты әскерді оқу-жаттығудан өткізуге көмектеседі» - деді Шойгу.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?