Венесуэла астанасында оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоның жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс басталды. Хабарларға қарағанда, екі жақ та қаруланған.

Гуайдо жақтастары Каракастағы әскери әуе күштері базасына жиналған. Сейсенбі күні таңертең Гуайдо бірқатар әскерилермен бірге мәлімдеме жасап, армияны президент Николас Мадуроға қарсы күреске қосылуға шақырды. Кейіннен Гуайдо батыс журналистеріне әскердің бір бөлігі өзіне қосылғанын мәлімдеді. Әзірге қанша әскери шенді мен сарбаз Гуайдоға қосылғаны белгісіз.

Гуайдоны үй қамауында отырған оппозиционер Леопольдо Лопес те қолдады. Оның мәлімдеуінше, саясаткерді Гуайдоны жақтайтын әскери шенділер босатқан.

Венесуэлада билік пен оппозиция арасындағы күрес биыл қаңтар айында қыза түсті, сол кезде Гуайдо Мадуроны билікті басып алды деп айыптап, өзін уақытша президент деп жариялады. Елді басқару тетіктері мен күштік құрылымдар Мадуроның қолында қалды. Оны Куба, Ресей, Қытай және Түркия қолдап отыр. АҚШ, Латын Америкасы елдері және Еуропалық Одақ Гуайдоны қолдайды.

"The Qazaq Times"