Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер алдағы екі жылда әскери салада күш біріктірмек.

Бішкекте ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрлер кеңесінің отырысында осындай келісім жасалды. Кездесуде аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, бірлескен іс-қимылдың жоспары жасалды. Нәтижесінде, ШЫҰ өкілдері әскери сала аясында төрт құжатқа қол қойды. ҚР қарулы күштері бас штабының басшысы Райимберди Дуйшенбиев: «Бірлескен әскери оқу-жаттығуы жөніндегі хаттаманы ерекше атап айтқым келеді. Бұл құжатқа сәйкес Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде ұйымдастырылатын әскери жаттығуларға қатысады», – деп мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін аталған ұйым үшін басты назарда болған Үндістан мен Пәкістан мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Демек, Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңейтілген құрамына артылатын үміт көп, сын-қатерлер де аз емес. Батыс басылымдары жарыса жазып, күдікпен қараған Кашмир дауына алдағы екі жылда өзге мелекеттердің араласуымен нүкте қойылуы тиіс. Шекаралық мәселелерін толығымен шешіп үлгермеген, кезінде бөліске сала алмаған аймақ үшін бір-біріне қарсы қару кезенген екі елдің ендігі жерде бір одақ шеңберіндегі келісім үстелінде өздерін қалай ұстайтыны әлемнің жіті назарында болары анық.

"The Qazaq Times"