Мәскеуде Қазақстан пемьер-министрі Асқар Мамин және Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев кездесті.
Кездесу барысында қос тарап сауда-экономикалық, көлік тасымалы, энергетика мен ғарыш салаларында ынтымақтастықты талқылап, бірнеше келісімдерге қол қойды. Нәтжесінде, Қазақстан аумағында КАМАЗ автотехникасы мен қосалқы бөлшектерінің өндірісі қолға алынатын болды. Сонымен қатар қазақстандық «Агромашхолдинг» компаниясының зауыттарында «Кировец» тракторларын шығару бойынша Жол картасы әзірленді.
Д.Медведев: «Бүгінде Қазақстан алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда, Еуразиялық экономикалық одақ аясында тұрған мақсаттарымызға жету жолында сізге табыс тілеймін. Осыған дейін де одақ шеңберінде екіжақты кеңесулер барысында сізбен үнемі байланыста болдық. Енді одан да жиі кездесіп тұрамыз», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 4,5%-ға өсіп, 18 миллиард доллардан асты. Ал қазақстандық экспорттың мөлшері 6%-ға артқан.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел