"Ұлт тағдыры" ұйымы президент сайлауына саясаткер Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынды.
Бүгін Алматы қаласында " Жаңа Қазақстан" форумы баспасөз мәслихатын өткізіп, алда келе жатқан президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады. Жиынға оппозициялық саясаткерлер Дос Көшім мен Әміржан Қосанов қатысты.
Жиын барысында "Ұлт тағдыры" ұйымының төрағасы Дос Көшім қозғалыс атынан алда келе жатқан президент сайлауына Әміржан Қосановты ұстанатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Қазақстандағы жалғыз оппозициялық ЖСДП партиясы 9 маусым күні өтетін президент сайлауына байкот жариялаған. Партия атынан сайлауға үміткер ретінде ұсынылған қоғам қайраткері, журналист Ермұрат Бапи "бұл жолғы сайлаудың бұрынғы сайлаулардан айырмашылығы жоқ екендігін" айтып, "қуыршақ кандидаттар қатысатын сайлауға байкот жариялайтынын" мәлімдеген.
Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 9 маусым күні өтеді.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?