Мадуро билігінің шерулерге қарсы күш қолдануына байланысты Венесуэладан Колумбия мен Бразилияға қашқан сарбаздар саны артқан.
Осыған дейін Венесуэланың БҰҰ-дағы өкілі ақпанда шетелге 109 жауынгер қашты деп мәлімдеген болатын. Ал Колумбия иммиграциялық қызметінің хабарлауынша, биыл жыл басынан бұл мемлекетке 1 мың 400 жауынгер, ал Бразилияға 60 әскери бас сауғалаған. Елден кеткен сарбаздар «жергілікті халық мардымсыз жалақыдан жапа шегіп отыр, бірақ билік контрабандамен айналысуын тоқтатар емес», – деп шағымданған. Сол себепті Венесуэла халқы әділ сайлаудың өтуін қалайды.
Венесуэладағы соңғы президент сайлауы 2018 жылдың мамыр айында өтті. Сол кезде Венесуэла үкіметі ел оппозициясын мойындамай, оларды «халық жауы» деп атады. Былтырға сайлауда кезекті мәрте Мадуро жеңіске жетсе де, батыс пен Латын Америкасының жетекші елдері бұл жеңісті «фарс» деп бағалады. Яғни шетел үкіметтерінің көпшілігі 56 жасар Мадуроның инаугурациясын елемеді. Оның ішінде Қытай, Түркия, Иран және Ресей бар.
Венесуэла алтыншы жыл қатарынан кономикалық құлдырауды бастан кешіруде. 1 миллион пайыздан астам ннфляциялық құлдырауға ұшыраған Венесуэланың әлеуметтік жағдайы өткен жылы 1920 жылдардағы Веймар Республикасының және 2000 жылғы Зимбабве тарихындағы деградациямен сай келді. Ал 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан экономикалық құлдырау АҚШ тарихындағы ұлы дағдарыстан шамамен 2 есеге көп.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді