Қазақстан мен Түркияның 2017-2020 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына сәйкес, екі ел арасындағы сауда айналымы 10 миллиард АҚШ долларына жету белгіленді.
Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Кайсери провинциясында кәсіпкерлерімен кездесіп, қос емемлекеттің инвестициялық байланысын талқылады. Осыған байлаысты Кайсери өндірістік аймағының басқарма басшысы Тахир Нұрсачан: «Кайсери өндірістік аймағы – 42 жылдық тәжірибеге ие еліміздің ең алғашқы орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта 1300-ден астам компаниямызда 75 мыңнан астам кісіні жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл тәжірибемізді ата жұртта да қолдануды көздейміз. Егер Қазақстан бізді дайын өндірістік аймақпен қамтамасыз ететін болса, мұндағы тәжірибемізді бауырлас елде толық жүзеге асыруға дайынбыз», – деп мәлімдеді. Енді осы бағытта қазақ-түрік бірлескен өндіріс аймақтарын құрып, ортақ жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Бүгінде Қазақстанда түрік капиталымен жұмыс істейтін 800-ден астам компания бар. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 1,9 миллиард доллар болды.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?