Еуроодақ елдері ортақ келісімге келді. Брюссельде 4 күнге жалғасқан саммит аяқталды.
Саммит қорытындысы бойынша, Еуропа елдерінің басшылары 7 жылдық бюджетке қатысты ортақ мәмілеге келді. Енді індеттен қатты зардап шеккен мемлекеттерге 390 миллиард еуро көлемінде қайтарымсыз қаражат бөлінеді.
Жиында коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған экономикалық тығырықтан шығу мәселесі де қызу талқыланды. Жеңілдетілген несие түрінде берілетін қаржы көлемі 360 миллиард еуроға дейін ұлғайтылды. Бұл соманы одақ халықаралық банктер мен қаржы ұйымдарынан қарызға алмақ. Оның басым бөлігі алдағы 2 жылда жұмсалуы тиіс.
Бұған дейін Пандемия кезінде экономикалық дағдарысты алдын алу мақсатында Еуроодақ елдері саммит өткізген. Үш күнге созылған жиында тараптар кезекті мәрте ортақ келісімге келе алмай, саммит нәтижесіз аяқталған.
Негізі пікірталас тудырған сома – 1,8 трлн еуро. Бірақ Шығыс Еуропа елдері қаржыландыруға қатысты шарттарға келіспеді. Вирустан қатты зардап шеккен Оңтүстік, Солтүстік Еуропаның дағдарысқа қарсы қорларға грантты азайтып, олардан реформа өткізуді талап ету керек деген ұстанымына қарсы шықты. Ал Франция мен Германия Еуродақ елдеріне қаржыны процентсіз субсидия ретінде бөлу қажеттігін айтады. Нидерланд, Австрия, Дания, Швеция бұл бастамаға үзілді-кесілді қарсы. Аталған елдің көшбасшылары тіпті Одақ бөлген қаржының қайда жаратылғанын қатаң бақылау керек деген болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел